Тоқаев Ердоғанға елші арқылы дұғай сәлем жолдады

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Анкарада Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, Тоқаевтың жеке сәлемін жеткізді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, М.Тілеуберді Анкараға Түркияның сыртқы істер министрі Мевлюд Шавушоғлының шақыртуымен барған. Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының жетекшісін Түркия президенті қабылдады.

М.Тілеуберді Түркия басшысына Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің 31 мамырда Түркістанда өтетін бейресми саммитіне шақыртуын табыстап, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың жеке сәлемін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті