Тоқаев ЕАЭО жиынында санкциялық шектеулер туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысындағы сөзі басталды, деп хабарлады Ақорда.

Алматы, NEGE. «Белгілі санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет. Сондықтан елдеріміздің комиссиялары мен үкіметтері бұл мәселеге ерекше назар аударып, санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсынуы керек», - деді Тоқаев.