8 октября 2022 г. 16:33
Тоқаев БҰҰ-мен өзара іс-әрекет бойынша ұзақ мерзімді тәсілдерді әзірлеуді тапсырды
Президент БҰҰ тұрақты өкілімен кездесті.
Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Президент Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинге БҰҰ күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселеге қатысты жұмыстарды белсенді жалғастыруға және осы әмбебап ұйыммен өзара іс-әрекет бойынша жаңа әрі ұзақ мерзімді тәсілдерді әзірлеуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктеді.