Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады. Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 21:30-да Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды», – деп жазды Уәли. Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған.

Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті