Тоқаев Белгісіз солдаттың қабіріне гүл шоғын қойды

Жұмыс сапарымен Мәскеуде жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысты.

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімет таратты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды» деп жазды Берік Уәли.