Тоқаев белгілі экономист Нуриэль Рубиниді қабылдады

Мемлекет басшысы белгілі экономист Нуриэль Рубиниді қабылдады

Алматы, NEGE. Президент Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген  белгілі америкалық экономист, Нью-Йорк университетінің профессоры, Roubini Macro Associates консалтинг компаниясының директоры Нуриэль Рубиниді қабылдады. 

Президент Астана халықаралық форумына қатысып, әлемдегі сын-қатерлер туралы өзінің ой-пікірін ортаға салғаны үшін Нуриэль Рубиниге ризашылығын білдірді.

Кездесуде жаһандық қаржы нарығындағы негізгі үрдістер талқыланды.