Тоқаев: Ауыл шаруашылығы жерлерін белгілі адамдар иеленіп алған
Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым адамдардың қолы ауыл шаруашылығы жерлеріне жетпей жүргені туралы айтты.
Нұр-Сұлтан, NEGE. «Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығында түйткіл мәселелер барын көрсетті. Біз жедел шара қабылдап, жем-шөп тапшылығына байланысты ахуалды реттедік. Дегенмен, бұл салада әлі де жүйелі жұмыс атқару керек. Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн», – деді Тоқаев.
Шұрайлы жерлерді ықпалды адамдар иеленіп алғаны, ал әкімдер солардың ығына жығылатыны туралы былай деді: «Мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп қалған. Тіпті, оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған. Әкімдер түрлі себепті сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауға тиіс».