Тоқаев арнайы қызметке реформа жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК-ны реформалау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Астана, NEGE. Комитеттің мәліметінше, Президент "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" № 893 Жарлыққа 17 мамырда қол қойыпты.

"Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды