Тоқаев Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесті

Президент Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесуінде олардың сөзін зейін қойып тыңдағанын атап өтіп, ұсынылған барлық маңызды ғылыми жобалар мен технологиялық стартаптардың ел үшін мәні зор екенін айтты.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Алматы еліміздің ғылым мен білім ордаларының бірі  екенін  атап өтті.

– Әйгілі Қаныш Сәтбаев осы қалада Ғылым академиясының негізін қалаған. Көптеген ғалымдарымыз Академия қабырғасында қазақ ғылымын дамытуға орасан зор үлес қосты. Аға буынның абыройлы жолы лайықты жалғасын табуға тиіс, – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазір әлемдегі ең қымбат әрі капиталы мол компаниялар финтех, жасанды интеллект, IT және басқа да озық технологияға негізделген өнім шығаратынына, қызмет көрсететініне тоқталды.

– Олар әлемнің үздік инженерлерін өз елдеріне шақырып жатыр. Себеп – біреу, ғылым алып индустрияға айналды. Бұл сала бүкіл экономиканы жаңа деңгейге көтеретін сектор ретінде қалыптасып келеді. Біз осы әлемдік үрдістен шет қалмауымыз керек. Еліміз талай жыл бойы негізінен мұнайға арқа сүйеп келді. Бірақ қазір – заман басқа. Табиғи байлықтың емес, адам капиталының маңызы артқан дәуірге қадам бастық, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр