Тоқаев Алматыда өзі оқыған мектеп-гимназияға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы №25 мектеп-гимназиясына барды, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. Президент Алматы қаласына жұмыс сапары аясында 1970 жылы өзі бітірген Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектеп-гимназиясына барды.

Мемлекет басшысы заманауи интерактивті оқу құралдарымен жабдықталған кабинеттерді, акт залы мен мектеп кітапханасын аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кезінде өзі оқыған сыныпқа кірді. Қазіргі уақытта бұл кабинетте француз тілі оқытылады.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы мектеп тарихына арналған музейдің экспозициясымен танысты. Онда оқу ордасының өткені туралы түрлі архив құжаттары, белгілі түлектердің өмірбаяндары мен фотосуреттері жинақталған.

""Біздің атқарған ісіміз аз емес, дегенмен әлі де жұмыс көп. Біз 10-сыныпты жақсы бітіруге уәде береміз. Институтқа түсу емтихандарын жақсы тапсыруға уәде береміз. Ал оны бітірген соң жұмыс істейміз. 2017 жылы 64-65 жасқа толған кезімізде сіздердің көздеріңізге тік қарауға ұялмайтындай болып келуге уәде береміз", - деп жазылған хатта.

Дәстүрді жалғастырған 11-сынып оқушылары Мемлекет басшысымен бірге 2050 жылға арналған хатты уақыт капсуласына салып, мектеп қабырғасына қойды.