Тоқаев Алматы облысына келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына келді.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.
"Президент Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.