24 августа 2022 г. 15:25
Тоқаев Әлиевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевті «Алтын Қыран» орденімен наградтады.
Алматы, NEGE. "Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Гейдар оглы Әлиев "Алтын Қыран" орденімен наградталсын", - делінген хабарламада.