Тоқаев Ақтөбе облысы әкіміне жаңа театр салуды тапсырды

Президент Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрына барды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ақтөбе, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапары аясында Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысы бүгінде халықтың театрға қызығушылығы артып келе жатқанына тоқталды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев өнер ордасы ғимаратының тозғанын айтып, облыс әкіміне жаңа театр салуды тапсырды.

Президент облыс жұртшылығы өкілдерімен әңгімелесу барысында елімізде заң үстемдігін сақтау және ұрпақ тәрбиесіне баса мән беру керек екенін атап өтті.

– Мен қай жерге барсам да заңның үстемдігі туралы айтып жүрмін. Бұл – өте маңызды. Олай болмаса, табысты мемлекет құра алмаймыз. Жастармен кездескен сайын оларды еңбекқор, тәртіпті болуға шақырамын. Жалпы жастарды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Қазақстанды дамыту – халықтың, мемлекеттің шаруасы, – деді Президент.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ақтөбе облысын көркейтуге елеулі үлес қосып жүрген түрлі саланың өкілдеріне ризашылығын білдірді.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады