Тоқаев: Әкімдердің барлығы сынақты «үшке» тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде вакцинамен аз қамтылған өңірлерге әдістемелік көмек көрсететін көшпелі бригадаларды шұғыл құруды тапсырды.

Алматы, NEGE. «Пандемия аймақ басшылары үшін өзіндік емтихан болды. Бұл емтиханды әкімдердің кем дегенде жартысы «үшке» тапсырады», - деді Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы вакциналау ісінде өңірлердің «температурасын» жіті бақылау маңызды екенін айтты.

«Вакцинациямен аз қамтылған өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды шұғыл қалыптастыру керек. Аймақтың ерекшелігін ескеру, көңіл-күйді алдын ала зерттеу, «температураны»өлшеу өте маңызды», - деді Президент.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізіп жатыр. Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысуда.

Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдап, өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспарын пысықтайды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті