Тоқаев Айтматовтың мұражай-үйінде болды

Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстанның президенті Сауранбай  Жиенбеков Шыңғыс Айтматовтың Бішкектегі мұражай-үйіне барды. Бұл туралы Қырғыз телеграф агенттігі  (ҚырТАГ) хабарлады.

Алматы. NEGE. «Жиенбеков пен Тоқаев Бішкектегі Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйіне келіп, Айтматовтың жақындарымен сөйлескен. Мұражай-үйді аралап шығып, экпонаттарды көрді. Шыңғыс Айтматовтың баласы – Эльдар Айтматов мұражай туралы, әкесінің өмір жолы мен шығармашылығы жайында әңгімелеп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа картина сыйлады», – деп хабарлаған Қырғыз Республикасы президентінің баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті Құрметті қонақтар кітабына өз қолтаңбасын қалдырып, Айтматовтың отбасымен естелік суретке түскен.

 

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды