Тоқаев әйелдердің зейнет жасы белгіленген заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасын 'тоқтату' туралы Заңға қол қойды, - деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Қабылданған түзетулерге сәйкес, әйелдерге арналған зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болады.

Бұдан бөлек,1 қаңтардан бастап бала күтіміне арналған жәрдемақы 1,5 жасқа дейін төленеді.