Тоқаев Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеуге қатысты заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың Борт N1 телеграм каналы хабарлады.

Алматы, NEGE. "Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.