Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің жұмысын жоғары бағалады.

Akorda.kz

Астана, NEGE. Президент елорданың көркейіп келе жатқанын әкім мен оның командасының еңбегімен байланыстырды.

«Астанамыздың көркі артып келе жатыр. Бұл да – қала әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек пен оның көмекшілерінің табанды жұмысы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қасымбекке бұған дейін де жоғары баға берген. 2025 жылғы желтоқсанда Астананы дамыту жөніндегі кеңесте Тоқаев: «Жеңіс Қасымбектің бойынан менің не қалайтынымды, не талап ететінімді түсінетін адамды таптым», – деген еді.

Осы жолы Президент құрылыс сапасын да жеке бақылауында ұстайтынын айтып, талап пен ережені бұзғандар заң бойынша жауапқа тартылатынын ескертті.