Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсаңбаев Президенттің қабылдауында болып, Халық Кеңесі мен оның Хатшылығын құру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ақорда

Астана, NEGE. Жайсаңбаевтың мәлімдеуінше, Хатшылық Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесі әділетті Қазақстанның іргесін нығайтуда маңызды рөл атқаратын бірегей диалог алаңы екенін атап өтті. 

Сондай-ақ Президент Хатшылық басшысына Халық Кеңесінің мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын тиімді үйлестіруді тапсырды.

Бұған қоса Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.