Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

akorda.kz

Алматы, NEGE. Әңгімелесу барысында Украина Президенті Қазақстанның қоғамдық ұйымдары арқылы еліне көрсетілген гуманитарлық көмегі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ таяуда Давоста (Швейцария) 80-нен астам елдің өкілдері қатысқан «бейбітшілік формуласы» атты кездесудің қорытындысы және Швейцарияда өтетін кезекті жаһандық саммитке дайындық барысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

Қаракемердегі жасөспірімдер қазасы: ІІМ бес қылмыстық іс тіркелгенін растады

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?