Президент Ұлттық құрылтай мүшесі Гүлмира Илеуовамен жүздесті

Президент "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

t.me/aqorda_resmi

Алматы, NEGE. Кездесуде Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, жастар арасында құндылықтарды насихаттау, соның ішінде еңбексүйгіштік, техникалық мамандықтарды дәріптеу туралы айтылды.

Сонымен қатар Қазақстанды өркендетуге үлес қосатын ұлттық буржуазияны қалыптастырудың өзектілігіне, ұлттың бәсекеге қабілетін арттыру үшін білім культін нығайтуға, инновациялық ойлау жүйесін дамытуға, "Құқықтық тәртіп", "Әлеуметтік әділеттілік" қағидаттарына басымдық берілетін қоғамдық қатынастарды ілгерілетуге назар аударылды.

Гүлмира Илеуова қоғамда кеңінен талқыланып жатқан мемлекеттік рәміздерге қатысты пікірін білдіріп, елтаңбаға және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қарым-қатынасына байланысты ұсыныстарын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті