Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын ауыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.

gov.kz

Астана, NEGE. Ермек Сағымбаевтың орнына Президент Марат Ирменовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы етіп тағайындады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2022 жылғы қаңтардан бастап басқарып келді.

Ал Марат Ирменов 2025 жылғы қазаннан ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді. Оған дейін ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарды атқарған.