Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Астана, NEGE. Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды.

«Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселелер талқыланды», – делінген хабарламада.

Тоқаев Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсыныс айтты. Сондай-ақ Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.