Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шаруаларды тәуекелдерден алдын ала ерікті түрде сақтануға ынталандыратын шаралар қарастыру қажет екенін атап өтті.

Ақорда

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөйлеген сөзінде айтты.

«Тағы бір өзекті мәселе – агросақтандыру жүйесін жетілдіру. Қуаңшылық, үсік және мал ауруы жылдар бойғы маңдай тер, табан ақыны желге ұшыруы мүмкін. Жергілікті климат жағдайына сеніп, жайбарақат отыруға болмайды. Бұл әуел бастан тиімсіз стратегия», – деді Президент.

Тоқаев шығынды үнемі бюджеттен өтеу проблеманы шешпейтінін алға тартып, Үкімет пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне бірлесіп осы нарықты дамыту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Оның ішінде шаруаларды тәуекелдерден алдын ала ерікті түрде сақтануға ынталандыратын шаралар да қамтылуы қажет.