Тоқаев Түркістан қаласына ұшып барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Астана, NEGE. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті бүгін, 15 мамыр күні өтеді. Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады. 

Айта кетейік, түркі мемлекеттері арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуды мақсат ететін Түркі мемлекеттері ұйымы 2009 жылы үкіметаралық ұйым ретінде құрылды. Бұрынғы атауы – Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі. 

Құрылтайшы мемлекеттер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия. 2019 жылғы қазанда Бакуде өткен 7-саммитте Өзбекстан толыққанды мүше ретінде қосылды. Венгрия, Түрікменстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы бақылаушы мүшелер ретінде қосылған.

Қазір оқып жатыр

Науқастарға шуға шыдауға тура келеді: Астанада аурухана жанындағы құрылыс жалғасады

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті арзан бағаға сатуға тыйым салынды

Тоқаев пен Мирзиёев Түркістанда Өзбекстан басшысы тарту еткен мешітке барды

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі бесінші баласын дүниеге әкелді