Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Астана, NEGE. Осы заң аясында туристік қызмет үшін мемлекеттік қолдау тетіктері нақтыланып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау көзделген

Заңның балалар спортын дамыту туралы бөлігінде салауатты ұлт қалыптастыру бағытындағы бірқатар ұсыным қолдау тапты.

«Бастысы, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативін енгізу қарастырылған. Бұл әр спортшыға жұмсалатын шығынды жылына екі есе арттыруға жол ашады. Жасөспірімдер спорт мектептерінде жұмыс істейтін жаттықтырушылар мен мұғалімдердің жалақысы өседі. Біліктілік сынағынан өткен және сабақты ұлттық спорттық дайындық стандарттарына сай өткізетін мамандарға қосымша үстемеақы төленеді», – делінген заң жобасына ұсынылған құжатта.

Сонымен қатар спорт саласына қатысты деректерді автоматты түрде жинап, өңдеп, сақтап, талдайтын цифрлық платформа заң жүзінде енгізіледі. Бұл басқа ақпараттық жүйелермен дерек алмасуға мүмкіндік береді.

Депутаттардың пікірінше, бұл өзгерістер балаларды спортқа барынша бейімдеуге, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, физикалық және рухани дамуына, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Астанада лауазымды тұлғаның қателігінен педагогтер әлеуметтік аударымнан қағылған

Астанада 15 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр