Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 80 пайыздан асып, оң нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтті.

«Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде "ойын ережесін" өзгертеді. Өйткені бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етіп, транзакция үшін алынатын комиссиялық төлемдердің шығынын қысқартады. Бұл Қазақстанның дүние жүзінен көбірек капитал тартып, жетекші инвестициялық және қаржылық орталыққа айналуына көмектесуге тиіс», – деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы былтыр елімізде алғаш рет цифрлық активтер мен криптовалютаны реттейтін құқықтық база қалыптасып, жылжымайтын мүлікті, алтынды, ірі өндіріс кәсіпорындарының акцияларын және басқа да активтерді токенизация жасауға мүмкіндік пайда болғанын айтып өтті.

Бұл ретте Президент Үкімет пен Ұлттық банкке цифрлық активтерді дамытуға қатысты нақты тапсырма берді.

«Мақсатымыз – аймақтағы жетекші криптохабқа айналу. Үкімет пен Ұлттық банк цифрлық активтерді дамытудың басты бағыттарын бекіткені жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл уақыт күтпейтін шұғыл міндет екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті