Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампқа Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуына орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Астана, NEGE. Президент бұл күннің Америка халқы үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтіп, оның еркіндік, теңдік және әділдік сияқты құндылықтарды дәріптейтін ерекше мереке екенін айтты.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға Қазақстанның дайын екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Дональд Трампқа жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал АҚШ халқына бақ-береке тіледі.