14 июля 2024 г. 9:12

Тоқаев Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

Фото: Фото: www.akorda.kz

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді және оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп Пенсильваниядағы сайлауалды науқанында сөз сөйлеген кезде атыс дыбысы естілді. Ол сөзін бөліп, алаңнан шығып кетті. Атқан адам қаза тауып, митингке қатысқан кем дегенде тағы бір адам көз жұмған.