Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті.

Ақорда

Алматы, NEGE. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылады.

Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтады.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр