Тоқаев Серік Шәпкеновті Атырау облысы әкімі лауазымынан босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Астана, NEGE. Серік Шәпкенов Атырау облысын 2022 жылғы 7 сәуірден бері басқарып келді.
Ол 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаратөбе кентінде дүниеге келген. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген.
Еңбек жолын М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған.
Әр жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Атырау қаласының әкімі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Атырау облысының әкімі болып тағайындалғанға дейін бір жыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.