Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вячеслав Володин сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Еуразиялық интеграцияның келешегі жөнінде пікір алмасты. 

Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті.

Қасым-Жомарт көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және бауырлас Қазақстан мен Ресей халықтарының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды. 

Қазір оқып жатыр

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды