Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп Ақорда хабарлайды.

Ақорда

Астана, NEGE. Ресми ақпаратқа сүйенсек, мемлекеттер басшылары екіжақты ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, биыл Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы мазмұнды әрі нәтижелі болғанын атап өткен.

Негізгі жетістіктердің бірі ретінде екі елдің байланысы жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткені айтылған.

«Қазақстан Президенті Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөз процесінің ілгерілеуін құптап, өзара берік уағдаластыққа қол жеткізуге бағытталған саяси-дипломатиялық тәсілдерді жалғастыру қажет екеніне тоқталды. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттерін айыптайтынын жеткізіп, мұның бітімге келуге және қақтығыстың саяси шешімін іздеуге кері әсер ететінін айтты», – делінген Ақорда хабарламасында.

Әңгімелесу соңында мемлекеттер басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, қос халыққа бақ-береке тілеген.

Қазір оқып жатыр

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды