Тоқаев Путинді елорда әуежайынан шығарып салды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды

Әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді.

Сондай-ақ суретші Әсел Сабыржанқызы Ресей Президентіне елімізге жасаған сапарына арнап салған картинасын сыйға тартты. Полотнода екі елдің достығы бейнеленген.