Тоқаев Премьер-Министрдің есебін тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою және табиғат апатынан зардап шеккен, ең алдымен, эвакуациялық пункттердегі азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады.

akorda.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берді.

Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті. Сондай-ақ туындаған мәселелерді шешу және жұртшылықтың орынды талап-тілегін орындау жөніндегі мемлекеттік саясат пен қабылданып жатқан шараларды нақты түсіндіруге тиіс. Сонымен қатар Үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек.

Қазір оқып жатыр

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?