Тоқаев пен Трамп Давоста не жайында сөйлесті?

Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Америка Президенті Дональд Трамп не жайында сыбырласқаны мәлім болды. 

Ақорда

Астана, NEGE. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай екі басшының өзара әңгімесі мазмұнынан хабардар етті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған "Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі" деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды.

Бұдан бөлек Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі», – деп мәлімдеді ол.

Ал Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда Президент Газа бойынша құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?