Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада жасанды интеллект хакатонын тамашалады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Жасанды интеллект бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық хакатонды тамашалады, деп хабарлайды Ақорда. 

Ақорда

Астана, NEGE. Өңірлік жарысқа мыңнан астам жас маман, студенттер мен бағдарлама әзірлеушілер қатысты.

«Мемлекеттер басшыларына бұл сайыс ІТ және жасанды интеллект салаларын меңгерген талантты жастарды тауып, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылғаны баяндалды», – делінген хабарламада.

Хакатон білім беру мекемелері, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Хакатонға қатысушылар медицина, білім беру технологиялары, сондай-ақ кәсіпкерлік бағыттарындағы нақты міндеттердің түйінін тарқатумен айналысады.

Сондай-ақ Президенттерге Govtech Өзбекстан цифрлық үкіметінің соңғы әзірлемелері, көлік, кеден, салық, энергетика, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құрылыс, өнеркәсіп салаларындағы цифрлық шешімдер таныстырылды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты