Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Ертең, 11 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Ақорда.

akorda.kz

Астана, NEGE. Кездесу Бұхара қаласында өтеді деп жоспарланған.

«Мемлекет басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 16 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Өзбекстан Президенті Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады