Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр мерекесі кезінде Президент Іс басқармасына қарасты атқораға барып, өзіне әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың жағдайымен танысты.

Президенттің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Президент бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайға Ақжан деп ат қойған болатын. Мамандардың айтуынша, бойы биік, сымбатты, жүрісі паң бұл жылқының болмысынан оның ерекше қасиеті байқалады.

Бұдан бөлек, бірнеше ай бұрын атқораға құла түсті тағы бір құлын қосылған. Мемлекет басшысы оған Ақниет деп ат берді. Жылқы мамандары оның болашақта халықаралық жарыстарда топ жара алатынын айтады.

Сондай-ақ атқорада Қатардан сыйға келген араб тұқымды арғымақтар да бар.

Президент кей кездері атқораға арнайы келіп, жылқыларға өз қолымен жем беріп тұрады.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты