Тоқаев ОСК, Жоғары аудиторлық палата және Конституциялық сот төрағаларын қайта тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары аудиторлық палата және Конституциялық сот басшылары қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Коллаж: Nege

Астана, NEGE. Президенттің жарлығымен Эльвира Әзімова Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы болып, өз лауазымында қалды.

Әзімова бұл қызметке 2023 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған болатын.

Нұрлан Әбдіров те Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылғы 25 қаңтардан бері атқарып келеді.

Мемлекет басшысының жарлығымен Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата төрағасы қызметінде қалды. Смайылов бұл лауазымға 2024 жылғы 1 сәуірде тағайындалған еді.