Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий халықаралық көлік бағдарын TRIPP бастамасымен интеграциялап, Кореядан Орталық Азия арқылы Еуропаға шығатын көлік-логистика тізбегін қалыптастыруды ұсынды.

Ақорда

Астана, NEGE. Президенттің айтуынша, Қазақстан Орта дәліз, яғни Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға айрықша мән береді.

«Біздің ойымызша, Орта дәлізді көлік саласындағы TRIPP бастамасымен интеграциялауға болады. Ляньюньган портындағы қазақ-қытай логистикалық терминалы арқылы Орталық Азия мультимодальді жолдарымен жүк жеткізетін Кореяның да аталған координаттар жүйесіне қатысы бар. Сондықтан бұл бағыттардың әлеуетін біріктіріп, Кореядан Орталық Азия арқылы Еуропаға шығатын көлік-логистика тізбегін қалыптастыруға болады деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Қазақстан басшысы Пусан порты мен Каспий айлағындағы Қазақстан порттары арасындағы тәжірибе мен ақпарат алмасу бағытындағы тығыз ынтымақтастық жаңа мүмкіндікке жол ашатынын атап өтті.