26 октября 2024 г. 15:11

Тоқаев мемлекеттік сапармен Моңғолияға барады

Фото: ашық дереккөзден

28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.

Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.