Тоқаев мемлекеттік сапармен Әзербайжанға барады

Президент Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады.

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлады Ақорда.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады.