1 ноября 2024 г. 0:18

Тоқаев Макронның шақыруымен 4-5 қарашада Францияға мемлекеттік сапармен барады

Фото: ғаламтордан

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Алматы, NEGE.Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі.