Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовті қабылдады.

Ақорда

Астана, NEGE. Вагит Алекперов Президентке «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің қорытындылары және таяу жылдарға арналған жоспарын таныстырды.

«Лукойл» Қазақстандағы бірнеше ірі мұнай-газ жобасына қатысады. Компанияның Теңіз жобасындағы үлесі – 5%, Қарашығанақта – 13,5%, КТК-да – 12,5%, ал «Қаламқас-теңіз – Хазар» жобасындағы үлесі – 50%.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен «Лукойл» басшысы мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайын талқылады.