24 декабря 2025 г. 18:04

Тоқаев ЛРТ желісін ұзарту ұсынысын қолдады

Фото: Астана әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте жеңіл рельсті көлік желісін ұзарту жөніндегі ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

Астана, NEGE. Президент жиында жеңіл рельсті көлік жобасы да өте маңызды екенін атап өтті. 

«Көп ұзамай оны толық іске қосу керек. Мен жеңіл рельсті көлік желісін ұзарту туралы ұсынысты қолдаймын. Бұл қадам көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Үкімет, ең алдымен, жобаны қаржыландыру мәселесін шешуге тиіс.

Сондай-ақ Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салу туралы ұсынысқа қолдау білдіремін. Жобаның құжаттарын келесі жылы әзірлеп, 2027 жылы құрылысты бастау қажет», – деді ол.

Бұған қоса Тоқаев Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Тәуелсіздік даңғылын ұзарту жұмысын жалғастыруды тапсырды.

Тегтер: