Тоқаев Құрылыс кодексіне қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

pixabay.com

Астана, NEGE. Бұған қоса президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Сенат мәліметінше, құжат сәулет, қала құрылысы және жалпы құрылыс саласындағы 25 жылдан бері қолданылып келе жатқан заңнаманы жүйелі жаңартуға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов бұл заң жобасы парламентте екі жылға жуық қаралғанын атап өткен еді.

Оның айтуынша, заңдағы нормалар:

  • жоспарлау мен сапаны бақылаудың цифрлық жүйелерін енгізуге;
  • құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейтуге;
  • құрылыс салушылар мен мердігерлер туралы деректердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Алайда жосықсыз құрылыс салушылар тізілімін енгізу кейінге қалдырылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған