Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңейтілген отырыс өткізеді

22 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңейтілген алқа отырысын өткізеді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Ақорда

АЛМАТЫ, NEGE. "Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Жиынға ҚР Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады", — деп жазды Желдібай.

Отырыс барысында құқық қорғау жүйесінің жұмысы мен елдегі заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері талқылануы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен