Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

aa.com.tr

Астана, NEGE. Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты.

«Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 10 тамызда Колумбияның Тынық мұхиты жағалауында қуатты жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,4 болған. Жерасты дүмпуі салдарынан жүзден астам адам қаза тапты. 

Ел Президенті Абелардо де ла Эсприэлья үкімет халықты қорғау, зардап шеккен аймақтарға қолдау көрсету және қажет жерлердің барлығына көмек жеткізу үшін қолда бар барлық ресурстарды жұмылдыратынын мәлімдеді.