Тоқаев «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығында Путинмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен келді.

Ақорда

Алматы, NEGE. Сапар аясында Мемлекет басшысы БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығына келді. 

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің XVI саммиті аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен, Лаос Президенті Тхонглун Сисулитпен, Конго Президенті Дени Сассу-Нгессомен және Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесіп, аз-кем әңгімелесті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды